Оқушыларға


Хабарландыру!

Құрметті оқушылар!

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті: Астана қаласы орта білім беру мекемелеріндегі көп тілді оқыту идеясын арттыру, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің оқытылу сапасын жетілдіру. Оған 5-8 сынып оқушыларынан, әр параллель сыныптан 1 оқушыдар ғана қатыса алады. Олимпиадаға әрбір қатысушы үш пән бойынша бағын сынайды.

І тур (іріктеу кезеңі-тестілеу)-5 ақпанда өтеді;
ІІ итур (финалдық кезең-тақырып бойынша шығармашылық жұмыс және ауызша баяндау)-6 ақпанда өткізіледі.
Олимпиадаға сұраныс 2010 жылдың 31 қаңтарына дейін жіберіледі.

1.«Полиглот-2010» атты гуманитарлық олимпиадасы ақпан айының 5-6 күндері №52 мектеп-гимназиясында өткізіледі.
2.Ақпан айының 3-ші он күндігінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-8 сынып оқушылары арасында қалалық «Жас математик» олимпиадасы өтеді.
3.4 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада сәуір айында өткізіледі.
4.Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» атты қалалық математикалық турнир сәуір айының 1-ші он күндігінде өтеді.
5.1-7 сыныптар оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсының жұмыстарын сараптамаға өткізу. /сәуір айының 3-ші он күндігінде /.
6.«Талантты ұстаз-дарынды балаларға» атты қалалық педагогикалық олимпиадасы, наурыз айының 3 -ші он күндігінде өтеді.

24.10.09 күні ,5-7 сыныптар арасында сағат 11.30-да, 8-10 сыныптар арасында сағат 16.00-да «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өткізіледі.
Өтілу барысы:
1. Кел, танысайық!
2. Викториналық сұрақтар
3. Сұр мерген
4. Өнерлі өрге жүзер
5. Модельер.
6. Би өнері
7. Бояу аралығы
8. Көңілді аспазшы
9. Әр сыныптың қабырға газеттері
10. Әр сынып 1 салаттан дайындау керек.

20 қыркүйекте "сағат 10-да" мектепте жыршы Әсенов Даниал Сабырұлымен кездесу өтеді.

18 қыркүйекте мектеп Президентін қайта сайлау өткізіледі. Президентке үміткер оқушылар төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет.

Тіркеу 12-ші қыркүйекке дейін қабылданады.
Қойылатын талаптар:
4. Сабақ үлгірімі "жақсы" болуы.
3. Бағдарламасы
2. Өмірбаяны
1. Сурет 9-12 (1 дана)

22.08.09-22.09.09 аралығында Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" Заңының қабылданғанына және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 20 жыл толуына орай мектепте Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өткізілетін «Мемлекеттік тіл - өркениеттің белгісі» атты айлық жүреді. Айлыққа белсене қатысайық!

Байқау төмендегі жанрларды қамтиды: ән, би, күй, әзіл-сықақ.

28 қыркүйек күні «Біз таланттарды іздейміз» атты байқау мәжіліс залында өтеді.1-10 сынып оқушылары міндетті түрде қатысуы керек. Оқушы санына шек қойылмайды.
Қойылатын талаптар:

Байқауға қатысушылар міндетті түрде сахна киімімен, сахна сәнімен шығуы керек.

21-24 қыркүйек аралағында сұраныс берулеріңіз керек.

Мемлекеттiгi
қорлар:

Қазақстан халығының рухани дамытуын қор http://www.ruhdk.kz Мемлекеттiк тiлдiң порталы http://www.til.gov.kz Н.А.Қазақстанның республикасының Президентасы жолдау. http://www.akorda.kz ҚРдың мәдениет министрлiгi http://www.mki.gov.kz